«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті» (Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 286 Қаулысымен бекітілген) (2019.21.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Әкімдіктің 2016 жылғы

21 маусымдағы № 286

қаулысына 1-қосымша

 

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 36 Қаулысымен күші жойылды

 

 

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2019.21.05. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі-техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11220 болып тіркелген) бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттар (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) болып табылады.

Қостанай облысы әкімдігінің 2019.20.05. № 209 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.